КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында плоггинг жарысы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шараға балалар, жастар және ата-аналар белсене қатысып, белгіленген аумақты қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты. Қатысушылар бір жағынан серуендеп, жүгіру арқылы денсаулықтарын нығайтса, екінші жағынан туған қаланың тазалығына атсалысты.
Жарыс соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар мен балмұздақтар табысталып, белсенділік танытқан азаматтарға алғыс білдірілді.
Сонымен қатар, қаланың мекеме қызметкерлері сенбілік өткізіп, қала көшелерін қоқыстардан тазартты. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1263782?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді