КЕНТАУДА МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы «KX Real Meat» шаруашылығында мал шаруашылығын қысқы азықпен қамтамасыз ету мақсатында биыл жалпы 25 гектар жерге жүгері дақылы егілді.
Егіс алқабы тамшылатып суару технологиясы арқылы суарылады. Бұл әдіс су ресурстарын тиімді пайдаланып, дақылдың сапалы өсуіне мүмкіндік береді.
Жиналған өнім күз мезгілінде арнайы дайындалып, қыс бойы шаруашылықтағы мал басын азықтандыруға пайдаланылады.
Суару жүйесін толық қамтамасыз ету үшін биыл шаруашылық аумағында 50 метр тереңдікте құдық қазылып, 720 тонналық су бассейні орнатылды.
Мұндай жұмыстар шаруашылықтың жем-шөп қорын өз күшімен дайындауына, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдаланып, мал шаруашылығын тұрақты дамытуына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1263777?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді