
Кентау қаласында Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
Семинарды «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ерлан Дәкенов жүргізді.
Жиында Түркістан облысының Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы сөз сөйлеп, Ясауи мұрасын зерттеу мен насихаттаудың, жастардың тарихи-рухани танымын арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында профессор, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, дінтанушы Сержан Оразбай, «Яссауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов және философия докторы Төлеген Мұхит баяндама жасады.
Спикерлер Ясауи мұрасының тарихи және рухани маңызы, хикметтеріндегі адамгершілік құндылықтар, ұлттық сана мен салт-дәстүр сабақтастығы туралы ой бөлісті.
Қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы рухани тұтастықты нығайту бағыттары бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1263765?lang=ru

Жауап қалдыру