
2026 жылғы 23 шілдеде Май ауданының әкімі Қ.К. Сатиевтің төрағалығымен аудан аумағында ветеринариялық пункттер мен мал қорымдарының құрылысын салу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы А.А. Тілеубаев, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, ветеринариялық станцияның және мердігер ұйымның басшылары қатысты.
Кеңестің көшпелі бөлігінде қатысушылар Саты және Малайсары ауылдық округтеріндегі нысандардың қазіргі жағдайымен танысты.
Жұмыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1264069?lang=ru

Жауап қалдыру