
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өңір орталығындағы құрылыс нысандарында қолданылатын мұнаралы крандардың жай-күйіне қатысты кезекті профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, техникалық ақаулардың салдарынан орын алуы мүмкін төтенше жағдайлар мен авариялардың алдын алуға бағытталған.
Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар нысан иелері мен жауапты тұлғаларға мұнаралы крандарды Төтенше жағдайлар департаментінде міндетті түрде есепке қою қажеттігін, мерзімді техникалық куәландыру жұмыстарын уақтылы жүргізу маңыздылығын түсіндіріп, өндірістік жарақаттардың туындау қаупін болдырмау шаралары көрсетілген арнайы жадынамалар таратты. Осындай бақылау шаралары облыс аумағында тұрақты түрде жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1264202?lang=ru

Жауап қалдыру