
27 шілде күні сағат 10:00 шамасында Бейнеу–Сайөтес автожолының 421-шақырымында патрульдеу жүргізіп жүрген Маңғыстау облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолда қалған Ресей Федерациясының азаматына көмек көрсетті.
Мотоциклмен саяхаттап келе жатқан шетелдік туристің жанар-жағармайы таусылып, Бейнеу ауылына жетпей жолда тоқтап қалған.
Патрульдік полиция ротасының экипажы – полиция капитаны Абай Атчыбаев пен полиция аға лейтенанты Ғалымжан Турғанбаев жедел әрекет етіп, мотоциклге жанар-жағармай құйып берді. Соның нәтижесінде турист сапарын қауіпсіз түрде жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Көрсетілген жедел көмекке ризашылығын білдірген шетелдік азамат полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, сапарын әрі қарай жалғастырды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін еске салады. Сондай-ақ жүргізушілерге ұзақ сапарға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият тексеріп, жанар-жағармай қорын алдын ала қамдауға кеңес береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1264889?lang=ru

Жауап қалдыру