
Бүгін қала әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, ауыз су, емхана қызметі, жұмысқа орналасу, электр энергиясының сапасы, жер және коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелерді көтерді.
Қабылдау барысында қала басшысы тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдап, әрбір мәселе бойынша заң аясында түсіндірме берді.
Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің бірқатары бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1263780?lang=ru

Жауап қалдыру