Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларын практикалық қолдану мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларын практикалық қолдану мәселелеріне арналған семинар өткізілді. Іс-шара барысында әкімшілік рәсімдердің негізгі қағидаттары, әкімшілік процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ әкімшілік актілерді қабылдау және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Заңдылықты, объективтілікті және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, процестік мерзімдерді сақтау, әкімшілік актілерді тиісінше уәждеу, сондай-ақ азаматтардың әкімшілік рәсімге қатысу құқығын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Семинарға қатысушылар ӘРПК нормаларын қолдану барысында жиі кездесетін қателіктерді талқылап, құқық қолдану тәжірибесінен мысалдарды қарастырды және заңнаманы біркелкі қолдану мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық, заңдылық және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын күнделікті қызметтік қызметінде мүлтіксіз сақтауды және алған білімдерін әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру мен әкімшілік шешімдер қабылдау барысында қолдануды қамтамасыз ету ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1264715?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді