ҚАЗАҚСТАН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА БІРІНШІ БОЛЫП САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІН ҚҰРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық трансформациялау бағытындағы ең ауқымды жобалардың бірін аяқтады.

ТМД елдерінің арасында алғаш рет төмендегі бағыттарды біріктірген бірыңғай цифрлық экожүйе құрылды:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;

декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;

зертханалық зерттеулер;

кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;

халықты вакцинациялау мониторингі.

Бұрын бұл мәліметтер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, көптеген үдерістер қолмен жүргізілсе, бүгінде барлық ақпарат бір платформада нақты уақыт режимінде жинақталып, талданады.

Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындамай тұрып-ақ олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1264787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді