Қазақстандық спортшылар жеңіске жетті Стамбұлда өткен Navek Turkey International 2026 бадминтон турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандық спортшылар жеңіске жетті

Стамбұлда өткен Navek Turkey International 2026 бадминтон турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан жасөспірімдер бадминтон құрамасы Түркияның Стамбұл қаласында өткен Navek Turkey International 2026 турнирінде медаль жеңіп алды.

Әйелдер жұптық сында (19 жасқа дейін) Алиса Кулешова мен Диана Наменова жүлделі үшінші орынға көтерілді.

Ширек финалда спортшылар Гүлсу Демирбелек пен Элиф Наз Сискиноғлұ (Түркия) дуэтін жеңді. Қазақстандық әйелдер жартылай финалға шығып, Айсу Арслан мен Ниса Нур Чименге (Түркия) есе жіберіп, қола медальмен марапатталды.

Бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1264557?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді