Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөлімі мен Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесі, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі және заңнама талаптарының сақталуы зерделенді.
Талдау нәтижесінде аталған мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының нақты фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар, жекелеген рәсімдер бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалып, оларды төмендетуге бағытталған ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру, ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету, ішкі бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Қорғалжын ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты мониторингтеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1263992?lang=ru

Жауап қалдыру