QYZYLJAR SABANTUI – 2026: достық, дәстүр және бірліктің мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавл қаласында халықаралық QYZYLJAR SABANTUI – 2026 мерекесі кең көлемде өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының мыңдаған тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ Қазақстанның өңірлері мен Татарстан Республикасынан келген делегацияларды бір арнаға тоғыстырды. Ауқымды мереке халықтар достығының, тату көршіліктің және рухани бірліктің жарқын көрінісіне айналды.

Петропавлға Татарстан Республикасынан 200-ден астам өнерпаз, музыкант және мәдениет қайраткерлерінен құралған үлкен шығармашылық делегация келіп, ұлттық өнердің үздік үлгілерін ұсынып, қонақтар мен қала тұрғындарына Сабантойдың қайталанбас мерекелік атмосферасын сыйлады.

Солтүстік Қазақстан облысы үшін QYZYLJAR SABANTUI мерекесінің маңызы айрықша. Өңіріміз көп жылдан бері бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің, өзара құрмет пен этносаралық татулықтың үлгісі болып келеді. Түрлі этнос өкілдері өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай отырып, ортақ мақсат жолында бірлікпен еңбек етіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1264193?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді