Рейдтік іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта «Булаев орман шаруашылығы» КММ мамандары
жануарлар дүниесін және орман екпелерін заңсыз кесуден қорғау бойынша
рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Рейдтік іс-шаралар инженерлердің, аңшылық
жүргізуші және орманшылардың қатысуымен патрульдік автомашиналарда
өткізіледі.
Рейд барысында халық арасында жануарлар дүниесі объектілеріне,
олардың мекендеу ортасына ұқыпты қарау, орманды заңсыз кесу жөнінде
түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аңшылармен, орман пайдаланушылармен
және орман жинаушылармен жануарлар дүниесі мен орманды қорғау
тақырыбында әңгімелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған
ортаны қорғау, жануарлар дүниесін пайдалану, орманда аң аулау қағидалары
мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау саласындағы әкімшілік құқық
бұзушылықтары туралы түсіндіру әңгімелері жүргізіледі. Орманды құлатуға
және аң аулауға рұқсат беру құжаттарын қарау, қаруды алып жүруге және
сақтауға рұқсат беру, сүректі дайындауға және әкетуге рұқсат беру, орманда
өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жүргізіледі, қажет болған жағдайда көлік
құралдарын тексеру жүзеге асырылады.
2026 жылғы рейдтік іс-шаралар барысында 11 бұзушылық анықталды,
оның ішінде: 4 жағдай – өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және 7 – басқа да
орман бұзушылықтар.
363,3 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды және
өндіріліп алынды.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ әкімшілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1264735?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді