
Шығыс Қазақстан жолдарында «Тасымалдаушы» ЖПШ басталды
28 бен 30 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты — жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру және қоғамдық көліктер мен жеңіл таксилердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Осы күндері полиция қызметкерлері автобустарды, шағын автобустарды және такси автокөліктерін тексеруде. Басты назар Жол жүрісі қағидаларының сақталуына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, жолаушылар мен багажды тасымалдаудың заңдылығына, сондай-ақ рулі оң жақта орналасқан таксилердің пайдаланылуына жол бермеуге аударылады.
Рейдтік шараларға мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де тартылған. Бірлескен жұмыстар көлік тәртібін нығайтуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1264683?lang=ru

Жауап қалдыру