
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері блогер Жасұлан Жілкібаевпен (@jasulan__motivation) бірлесіп, түнгі кезекшілікке шықты.
Кезекшілік барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жол қозғалысы қағидаларын бұзған жүргізушілерді анықтап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар көлік құралдарына зауыт талаптарына сәйкес келмейтін LED жарық шамдарын заңсыз орнатқан жүргізушілер анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз жабдықталған көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.
Мұндай бірлескен профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын сақтау деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1264848?lang=ru

Жауап қалдыру