Таразда Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында қала әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес және қалалық штаб отырысы өтті.

Жиынға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Бекжан Кеңесбек, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес ашық әрі ұйымдасқан деңгейде өткізуге бағытталған дайындық жұмыстары қаралды.
Қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баяндап, сайлауды ақпараттық сүйемелдеу аясында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде екі мыңнан астам материал жарияланғанын атап өтті. Сонымен қатар қала аумағындағы билбордтарда, LED экрандарда, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын орындарда сайлау күнтізбесі мен ақпараттық материалдар кеңінен орналастырылған.

Қала әкімі аппаратының басшысы Медеу Оспанбеков ұйымдастырушылық жұмыстарға тоқталып, Тараз қаласында 295 мыңнан астам сайлаушы тіркелгенін, олардың дауыс беруі үшін 155 сайлау учаскесі дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ сайлаушылар тізімдерін нақтылау, учаскелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету және call-орталықтардың жұмысы жөнінде ақпарат берді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Олжабаева мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға қатысуына қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сайлау учаскелерінде қолжетімді ортаны қалыптастыру, инватакси қызметін ұйымдастыру және сурдоаудармашылармен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Уалихан Байдуанов сайлау учаскелерінің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, комиссия мүшелерін оқыту жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар сайлау күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Бақытжан Орынбеков жауапты мекемелерге сайлау процесін сапалы ұйымдастыруды, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және барлық дайындық шараларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1264105?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді