Өнеркәсіптік трансмай қышқылдары – тағам рационындағы негізгі трансмайлардың бірі. Олар әдетте 18:1 трансизомерлері болып табылады. Оны өсімдік майларын ішінара гидрогендеу арқылы алынады. Бұл технология тағам өнеркәсібінде жартылай қатты майлар өндіру үшін қолданылады. Мұндай майлар нан-тоқаш өнімдерін, қуырылған тағамдарды, маргариндерді және басқа да азық-түлік өнімдерін өндіруде пайдаланылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес, трансмайларды тұтынудың қауіпсіз мөлшері тәуліктік жалпы калорияның 1%-ынан аспауы тиіс (шамамен 2,2 грамм).
Трансмайлардың зияны қандай?
Трансмайларды тұрақты түрде тұтыну:
- жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына әкеледі;
- бауырды зақымдайды;
- қатерлі ісіктің даму қаупін арттырып, ағзадағы қабыну үдерістерін күшейтеді;
- 2-типті қант диабетінің даму қаупін арттырады.
Сондықтан ДДҰ өнеркәсіптік трансмайларды тағам өнімдерінен толықтай алып тастауды ұсынады. Ол үшін оларды денсаулыққа пайдалырақ майлармен және өсімдік майларымен алмастыру, сондай-ақ трансмайларға қатысты озық тәжірибелерді әзірлеу, бақылау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Атап айтқанда, барлық тағам өнімдеріндегі майдың 100 грамына шаққанда трансмайлардың мөлшерін 2 грамнан асырмау немесе ішінара гидрогенделген майларды қолдануға толық тыйым салу ұсынылады.
Рациондағы зиянды майлардың мөлшерін тиімді азайту үшін:
– жемістерге, көкөністерге, тұтас дәнді өнімдерге, майы аз етке, құс етіне, балыққа және жаңғақтарға бай дұрыс тамақтану үлгісін ұстану. Сонымен қатар тәтті тағамдар мен қант қосылған сусындарды тұтынуды азайту.
– табиғи, гидрогенделмеген өсімдік майларын қолдану.
– құрамында трансмайлар болуы мүмкін тағамдарды (пончиктер, чипстер, крекерлер, бәліштер, фаст-фуд өнімдері және т.б.) тұтынудан бас тарту.
– қоғамдық тамақтану орындарында дайындалған қуырылған немесе пісірілген тағамдарды жиі тұтынудан аулақ болу.
– өнімнің қаптамасында көрсетілген құрамын мұқият оқып шығу.
«Трансмайлар тағамның сақтау мерзімін ұзартады, бірақ адамның өмірін қысқартады. Табиғи тағамды таңдаңыз, өнімнің құрамын оқыңыз және есте сақтаңыз: денсаулық – күн сайын қабылданатын шағын, бірақ маңызды шешімдердің нәтижесі».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1264761?lang=ru

Жауап қалдыру