
Түркістан облысы полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына көшеде велосипедпен адасып жүрген шамамен 5–6 жасар бала туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бүлдіршіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын анықтау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көп ұзамай баланың заңды өкілі анықталып, бүлдіршін аман-есен тапсырылды.
Ұлын аман-есен тапқанына қуанған жақындары полицейлердің жеделдігі мен жанашырлығы үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.
Полиция балаларға мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға және төтенше жағдайда бірден “102” арнасына хабарласуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1264968?lang=ru

Жауап қалдыру