Түркістандағы көне қалашықтың қорғанына реставрация жұмысы жүргізіліп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Қазқайтажаңарту» РМК мамандары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында орналасқан көне қалашықтың қорғанына ғылыми-реставрациялық жұмысты жүргізіп жатыр. Қабырғаны қалпына келтіру туралы шешім мониторинг нәтижесінде қабылданды. Бақылау барысында жыл сайын оның 10-15 сантиметрге ығысатыны анықталған.
Жоспарға сәйкес, шығыс қақпадан бастап 32 метр аумақ қалпына келтіріледі. Ал апатты жағдайда тұрған қабырға бөлігінің жалпы ұзындығы – 40 метр. Қорған қабырғасы 2000 жылдары археологиялық зерттеулерге сәйкес қайта қалпына келтірілген. Бұл жолғы ғылыми-реставрациялық жұмыс кезінде іргетасы нығайтылып, апатты бөліктен алынған жарамды материалдар сақталып, солардың көмегімен қабырғаның бүлінген бөлігі қайта қаланады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар қабырғаның одан әрі бүлінуіне жол бермей, цитадельдің солтүстік-шығыс бөлігінің тарихи келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғылыми реставрацияны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1264757?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді