Тұңғыш қазақ ғарышкеріне 80 жас!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚҰРМЕТТІ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ!

 

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті атынан Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз – қазақ халқының ғасырлар бойғы асқақ арманын ғарыш кеңістігіне алып шыққан тарихи тұлғасыз. Тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық Қаһарманы ретінде Сіздің есіміңіз ел тарихына мәңгі жазылды, ал Сіз танытқан батылдық пен жоғары кәсіби шеберлік оның жарқын бетіне айналды.

Сіздің кәсіби жолыңыз, батылдығыңыз және отандық авиация мен ғарыш саласының дамуына қосқан үлесіңіз зор құрметке лайық.

Сіздің 80 жылдық мерейтойыңыз – отандық авиация мен ғарыш саласының тарихымен сабақтасқан маңызды әрі мерейлі дата.

Бүгінде еліміз ғарыш саласын дамыта отырып, жаңа көкжиектерге ұмтылуда. Осындай өршіл мақсаттардың бастауында Сіздей азаматтың ерлігі, еңбегі және елге деген сенімі тұр.

Құрметті Тоқтар Оңғарбайұлы, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке және сарқылмас күш-қуат тілейміз. Әрдайым ел-жұрттың құрметі мен ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандықтардың өскелең ұрпағына отаншылдық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болып жүре беріңіз!

Туған күніңіз құтты болсын!  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazcosmos/press/news/details/1264097?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді