Жаңаөзендік айтыскер республикалық додада сынға түсіп, жеңіске жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаөзендік айтыскер республикалық додада сынға түсіп, жеңіске жетті

Алтай өңірінде өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында «Ақтанымын Алтайдың» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Іс-шара ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына орай өткізілді.

Айтысқа республиканың әр аймағынан қатысқан ақындар суырыпсалмалық шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар өз жырларында елдік мәселелер мен ұлттық құндылықтарды қозғады. Айтыскерлерге баға берген қазылар құрамын Жүрсін Ерман бастады.

Жарыс қорытындысы бойынша жаңаөзендік Абай Жолмағамбетов II орын иегері атанды. Қазылар алқасы Абай Жолмағамбетовтің мазмұнды ойларын, ұтқыр теңеулерін және елдік мәселелерді қозғаған өткір сөздері жоғары бағалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1264506?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді