Жетісу облысында «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» аясындағы рейдтік жұмыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Облыс әкімі орынбасарының жетекшілігімен 2026 жылғы 17 маусымнан бастап облыстық, аудандық және қалалық ведомствоаралық мобильді топ жұмыс істеуде. Оның құрамына прокуратура, полиция, экология, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, облыстық басқармалар, жастар және волонтерлік ұйымдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілген.

Бүгінгі күнге дейін облыс аумағында 139 рейдтік іс-шара өткізіліп, 89 құқық бұзушылық анықталды. Рейдтердің қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 156 жарияланым жарық көрді.

27–28 шілде күндері Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында мобильді топтардың қатысуымен кезекті рейдтер ұйымдастырылып, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заңнама талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

27 шілдеде Талдықорған қаласында Қаратал және Балықты өзендерінің бойында «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған аумақтарда қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтің жетекшілігімен профилактикалық рейд өткізілді. Нәтижесінде тыйым салынған жерде суға шомылған 2 құқық бұзушылық фактісі анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша екі азаматқа әрқайсысына 3,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы айыппұл сомасы 55 062 теңгені (7 АЕК) құрады.

Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, белгіленген ережелерді сақтаудың маңыздылығы жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

28 шілдеде Талдықорған қаласында жүргізілген рейд кезінде Қаратал өзенінің жағалауындағы ортақ пайдаланылатын аумаққа ауыр жүк көлігімен тұрмыстық қатты қалдықтарды заңсыз төгу дерегі анықталды. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және абаттандыру қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Сол күні қаланың санитариялық жағдайына жүргізілген мониторинг барысында 6 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 3 азаматқа әкімшілік айыппұл салынып, 3 азаматқа ескерту берілді.

Ескелді ауданында әкім орынбасары Жанар Байұзақова жетекшілігімен өткізілген рейд қорытындысы бойынша 6 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде 5 азаматқа ескерту жасалып, 1 құқық бұзушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Мұндай рейдтік-профилактикалық іс-шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және азаматтардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-hcs/press/news/details/1264973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді