Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық іс-шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шомылу маусымында Алакөл жағалауындағы демалыс орындарына келушілер санының артуына байланысты Достық станциясындағы ОПТ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері теміржол көлігінде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

«Алматы – Достық – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында жолаушылармен, пойыз бастығымен және жолсеріктермен профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға пойыз қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, жеке мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, қалта ұрлығы, бағалы заттарды ұрлау фактілерінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және күдікті жағдайлар орын алған кезде дер кезінде әрекет ету қажеттілігі түсіндірілді.
Аталған іс-шаралар жолаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және теміржол көлігін пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1264912?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді