Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг Павлодар облысында 97 заңсыз қоқыс орнын анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Өңірдегі стихиялық қоқыстардың барлығы дерлік жойылды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ахуал туралы @pavlodar.rsk алаңында Экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықов айтып берді. Ол «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының көмегімен анықталған 97 заңсыз қоқыс орнының 93-ін жергілікті атқарушы органдар тазалап үлгергенін атап өтті. Екі нысанды жою жұмыстары жүріп жатса, тағы екі жағдайда орнына барып тексеру барысында қоқыс орнының бар екені расталмаған. – Жыл басынан бері бізге стихиялық қоқыстардың пайда болу деректері бойынша 13 материал түсті, – деді спикер. – Осы материалдарды қарау нәтижесінде 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде өндірілді. Белгілі болғандай, заңсыз қоқыс орындары жиі пайда болатын аумақтарға бейнебақылау камералары орнатыла бастады. Мысалы, мұндай бақылау Суворов зиратының маңында пайда болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1264186?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді