
Ұлттық сараптамалық алаңның С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өткен отырысына қатыстым. Кездесудің тақырыбы – Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Конституциясында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының жаңа конституциялық кепілдіктері болды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Сараптамалық пікірталас барысында қатысушылар конституциялық реформаларды іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамыту, заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және өңірлердің мүдделерін білдіру жөніндегі «Қазақстан Халық Кеңесі» қызметін қоса алғанда, қоғамдық диалог тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтуге, қоғамдық қатысу тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ сайлау және партиялық-саяси жүйедегі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, азаматтық қоғам институттары мен жастар ұйымдарының азаматтық белсенділік пен қоғамдық қатысуды дамытудағы рөлі талқыланды.
Жаңартылған конституциялық ережелерді іске асырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселесінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1265049?lang=ru

Жауап қалдыру