
Social Innovation Hub Қазақстанның Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығымен бірлесіп, «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» акселерациялық бағдарламасын жүзеге асырды.
Жоба әлеуметтік кәсіпкерліктің құқықтық негіздері, бизнес-жоспарлау, қаржылық тұрақтылық, операциялық менеджмент, маркетинг, ESG қағидаттары, халықаралық гранттар мен инвестицияларды тарту, сондай-ақ Қазақстандағы және шетелдегі үздік тәжірибелерге арналған төрт білім беру модулін қамтыды.
Оқытуға еліміздің әр өңірінен келген 100-ден астам әлеуметтік кәсіпкер, бизнес өкілдері және әлеуметтік жобалардың авторлары қатысты. Бағдарламаның жалпы ұзақтығы 28 сағаттан асты. Дәріс оқуға сегіз сарапшы шақырылған.
Білім беру алаңына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев келіп, бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ спикерлермен және қатысушылармен кездесіп, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және осы бағыттағы білім беру бастамаларының маңыздылығын атап өтті.
Бағдарлама қорытындысы бойынша оқу курсын сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
https://www.instagram.com/p/DbXZ2KFgynP/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1265582?lang=ru

Жауап қалдыру