Ақтауда арнайы техника күшімен жасыл желектерге күтім жасалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24 шілде күні Ақтау қаласында таң сәріден бастап жасыл желектерге күтім жасау жұмыстары жүргізілді. Қала аумағындағы ағаштар мен бұталар арнайы техникалардың көмегімен жоғары қысымды сумен суарылып, олардың жай-күйін жақсартуға бағытталған кешенді шаралар атқарылды.

Аталған жұмыстар жазғы аптап ыстық кезеңінде жасыл желектердің ылғал қорын сақтап, олардың қурап қалуының алдын алуға, сондай-ақ қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы әрі таза қоршаған ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Жасыл желектерге күтім жасау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүйелі түрде жалғасады. Бұл бағыттағы шаралар қаланың көркін сақтау, көгалдандыру деңгейін арттыру және табиғи экожүйені қолдау мақсатында тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1265599?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді