Ақтауда автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласында автомобиль жолдарының сапасын арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұған дейін «Кездесу» жанар-жағармай құю бекетінен Кәсіпкерлер палатасына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
 
Қазіргі таңда Кәсіпкерлер палатасынан 31А, 31Б, 32А және 32Б шағын аудандарының қиылысына дейінгі автомобиль жолына, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасынан 19-шағын ауданда орналасқан «Тұран» тұрғын үй кешеніне дейінгі жол учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары аясында жол жабынына Қиыршықтас-мастикалы асфальтбетон қоспасы (ЩМА-20) төселуде. Бұл материалдың басты ерекшелігі – құрамындағы ірі қиыршықтастардың жоғары үлесі. Олар бір-бірімен тығыз байланысып, жол жабынының берік құрылымын қалыптастырады. Соның нәтижесінде жол жабыны ауыр жүк көліктерінің қозғалысына жоғары төзімділік танытып, ойықтардың пайда болуына тиімді қарсы тұрады.
 
Орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністік таныту сұралады. 
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1265608?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді