
Ақтау қаласында санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Бүгін, 29 шілде күні таңғы уақытта «Таза Ақтау» МКК-нің арнайы техникалары қала көшелеріне шығып, орталық жолдардың асфальт жамылғысын, жол жиектеріндегі жиек тастарын және қоғамдық көлік аялдамаларын жуу жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, көшелердің көркін арттыруға және тұрғындарға таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Ақтау қаласы аумағында тазалық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1265610?lang=ru

Жауап қалдыру