
Мәслихатта кезектен тыс сессия өтті, оның барысында депутаттар бірқатар кадрлық және ұйымдастыру мәселелерін қарап шықты.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі «Байқоңыр» ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу болды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек депутаттарға Нұрлан Әлімжановтың кандидатурасын ұсынды. Мәселені қарау қорытындылары бойынша депутаттар оның тағайындалуын қолдады.
Нұрлан Әлімжанов тағайындалғанға дейін Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарды. Аталған лауазымын атқарған жылдарының ішінде ол депутаттық корпуспен белсенді түрде өзара әрекеттесті, көшпелі кеңестер мен бейіндік жұмыс топтарының жұмысына жеке өзі қатысты. Ол кәсіби тәсілдемесімен, құрылымды диалог жүргізуге ашықтығымен және алдына қойылған міндеттерін шешуге жауапкершілікпен қарайтынымен ерекшеленді.
Астана қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне және заңнама талаптарына сәйкес сессияда сондай-ақ VIII сайланым мәслихатының депутаттары Кендебай Сарыбайұлы Адамбек пен Ляззат Мұратқызы Разбекованың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Одан басқа, отырыс барысында депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгертулер енгізуге, «Астана қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы туралы Ережеге өзгертулер енгізуге қатысты мәселелерді қарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1265012?lang=ru

Жауап қалдыру