Аудан әкімі инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Жаңақорған кенті, “Саяжай-1” мөлтек ауданында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда жаңа мөлтек ауданда тұрғындарға табысталатын 1500 жер учаскесін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында электрмен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алдағы кезеңде ауыз су, табиғи газ және жол құрылысы толық аяқталғаннан кейін жаңа мөлтек аудандағы жер учаскелері тұрғындардың игілігіне берілетін болады.
Одан кейін аудан әкімі Кейден ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекеніндегі тұрғын үй секторының электр желілерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Құны 257 млн теңгені құрайтын жоба аясында тозығы жеткен электр желілері жаңғыртылатын болады. Бүгінде қосалқы стансалар орнатылып, 19,5 шақырым жоғары кернеулі және 6,5 шақырым әуе электр желілері тартылған. Сонымен қатар 538 темірбетон бағана орнатылып, 75 тұрғын үйге кірме электр сымдары жүргізілді. Қазіргі уақытта найзағайдан қорғау құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған.

Нысандарды аралау барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, оларды белгіленген мерзімде толық аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1265050?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді