Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған немесе жер заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін 1 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын. Бүгінде жоспар толық орындалды. Мемлекет меншігіне 1 млн гектардан астам жер қайтарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жерлерді мемлекет меншігіне қайтару пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау және жер заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстар аясында қолға алынуда. Бұл шаралар жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, жерлерді шаруашылық айналымына қайта тартуға және олардың пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған. Жер ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жер заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жүйелі шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,4 млн гектар жер қайтарылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1265483?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді