
Астана халықаралық әуежайы «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің мәртебелі қонақтарын қарсы алуды жалғастыруда. Бүгін елордаға Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул келді.
Құрметті мейманды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қарсы алып, алдағы халықаралық турнир аясындағы іс-шараларға сәттілік тіледі.
Қазақы қонақжайлық дәстүріне сай әуежайда БАӘ делегациясына ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылды.
Ахмед Бельхулдың сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және фиджитал спортты дамыту бағытындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуге серпін береді.
Еске сала кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен ресми делегациялар спорт, цифрлық технология және инновация тоғысқан бірегей жарыстың куәсі болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1265281?lang=ru

Жауап қалдыру