Елордадағы халықарлық әуежайға Тәжікстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті Дилшод Жамолидинович Назаров пен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Фазиль оғлы Ғаибов спорттық делегаттармен бірге келіп жетті.
Әуежайда мәртебелі қонақтарды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев қарсы алып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне сай құрмет көрсетілді. Бұл – қазақтың қонақжайлығы мен ұлттық мәдениетінің жарқын көрінісі.
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі спорт, цифрлық технологиялар және халықаралық достықты тоғыстыратын айтулы алаңға айналмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1265286?lang=ru

Жауап қалдыру