
2026 жылғы 15 шілдеде Түркістан қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Түркістан шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлеріне «Денге қызбасы: клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында Денге қызбасының клиникалық белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат беріліп, санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу және халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық ұсыныстармен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1265519?lang=ru

Жауап қалдыру