
Ішкі істер министрлігі құқыққа қайшы контент таратқан тоғыз әлеуметтік желі қолданушысын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар лайк пен донат үшін тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырып, әдепсіз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынды. ІІМ ескертеді: интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайды. Заң мен Тәртіп цифрлық кеңістікте де қатаң сақталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1265022?lang=ru

Жауап қалдыру