Мұнайлы ауданындағы жедел жағдай туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20–26 шілде аралығында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне әртүрлі сипаттағы 201 хабарлама келіп түсіп, омниканалды 🆘 жүйесі арқылы 3 өтініш тіркелді. Барлық хабарламалар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен аудан аумағында 1 қылмыс дерегін ашты.

Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесі арқылы 97 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Егер сіз қандай да бір қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 нөміріне немесе «102-SOS» мобильдік қосымшасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Әрбір келіп түскен хабарлама бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1265150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді