Президент Іс басқармасы медициналық орталығының жетекші дәрігерлері Алматы облысында тұрғындарды тегін қабылдайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30–31 шілде күндері Алматы облысының тұрғындары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының жетекші мамандарынан тегін консультация ала алады. Қабылдау Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы мен Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы орталық ауруханасының базасында өтеді.

Өңірге ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі мен ауруханасының білікті мамандары келеді. Екі күн бойы олар тұрғындарға сұранысқа ие медициналық бағыттар бойынша кеңес береді. Атап айтқанда, уролог, гинеколог, нейрохирург, травматолог, хирург, онколог, эндокринолог, пульмонолог, невропатолог және ревматолог дәрігерлердің қабылдауына жазылуға мүмкіндік болады.

Консультациялық қабылдаумен қатар, елордалық мамандар өңір дәрігерлерімен бірлесіп күрделі хирургиялық оталарды орындап, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізуге бағытталған шеберлік сабақтарын өткізеді.

Бағдарламаның маңызды бөлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналмақ. Ғылыми-практикалық конференциялар мен білім беру сессиялары аясында сепсисті емдеудің заманауи тәсілдері, антибиотиктерді ұтымды қолдану, ядролық медицинаның мүмкіндіктері, ісіктердің молекулалық диагностикасы, кардиологиядағы жаңа әдістер және денсаулық сақтау саласында цифрлық технологияларды пайдалану мәселелері талқыланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1265484?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді