
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 12 және 17-баптарының ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік тәртіпті сақтау, лауазымдық міндеттерін адал әрі сапалы орындау жөніндегі заңнама талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мінсіз іскерлік беделді сақтау, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі немесе қоғамда теріс пікір тудыруы мүмкін әрекеттер мен мінез-құлықтан аулақ болу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатыны түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1265646?lang=ru

Жауап қалдыру