
Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы 31 шілде, жұма күні ашық есік күнін өткізеді. Қала тұрғындары әлеуметтік, құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша тегін кеңес алып, мекеме жұмысының бағыттарымен таныса алады.
Іс-шара сағат 09:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады. Оған мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Бағдарлама аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады. Ал балалар үшін пластилиннен мүсіндеу бойынша шеберлік сағаты мен алып қуыршақтардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы дайындалады.
Отбасын қолдау орталығының мекенжайы: Чкалов көшесі, 7.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 502-566, 502-569.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1265308?lang=ru

Жауап қалдыру