Қазақстан Республикасының Конституциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындайтын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын басты заң.
Конституцияның қағидаттары қоғамдағы тұрақтылықты, заң үстемдігін, әділдік пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін белгілеп, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына берік негіз қалайды.
Жаңа Конституция – мемлекет пен қоғамның дамуына серпін беретін, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтетін және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құжат.
Конституциялық реформалар еліміздің жаңаруына, заң үстемдігін нығайтуға және әділетті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.
Конституцияны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Негізгі заң талаптарын сақтау арқылы біз қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтып, еліміздің жарқын болашағына өз үлесімізді қоса аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-burma/press/news/details/1265279?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді