2026 жылғы 1 тамызда Қостанай қаласында өтетін Qostanai Invest Forum 2026 – жылдың басты инвестициялық алаңына шақырамыз!
Форумның негізгі алаңы «Технопарк KZ» ЖШС автокомпоненттер зауытының индустриялық аймағында ұйымдастырылады. Ауқымды іс-шара инвесторларды, бизнес қауымдастық өкілдерін, мемлекеттік органдарды, халықаралық делегацияларды, сондай-ақ Қостанай облысының өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін жоғары бағалайтын барша қонақтарды бір алаңға тоғыстырады.
Форум қонақтары мен қатысушыларын не күтеді?
🔹 Инновациялық техника және автокөлік өндірісінің көрмесі
Қонақтар заманауи ауыл шаруашылығы және арнайы техникалардың, сондай-ақ еліміздің машина жасау саласының көшбасшылары саналатын Қостанай автозауыттарында өндірілген автокөліктердің көрмесін тамашалай алады.
🔹 Ретроспективалық және музейлік экспозиция
Форум қонақтары өңірдің аграрлық саласының қалыптасу тарихымен танысып, Қостанай даласын игерудің бастауында тұрған аңызға айналған тракторлар мен комбайндарды көре алады. Бұл экспозиция ауыл шаруашылығы өндірісінің даму жолын айшықтайтын ерекше тарихи көрме болмақ.
🔹 Іскерлік бағдарлама
Форум аясында өңірдің инвестициялық әлеуеті талқыланып, жаңа өндірістік жобалар таныстырылады. Сондай-ақ жетекші бизнес өкілдері өз тәжірибесімен бөлісіп, саланың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.
Спикерлер қатарында:
* Андрей Лаврентьев;
* Тимур Турлов;
* Құдірет Шәмиев;
* Нұрлан Артықбаев.
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 1 тамыз
🕚 Уақыты: 11:00
📍 Өтетін орны: Қостанай қаласы, Индустриялық аймақ, «Технопарк KZ» ЖШС автокомпоненттер зауыты
Qostanai Invest Forum 2026 – тарих, өндіріс және заманауи технологиялар тоғысқан жаздың басты бизнес-оқиғасына қатысып, Қостанай облысымен бірге жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kasipkerlik-industiya-innovatsiya/press/news/details/1265497?lang=ru

Жауап қалдыру