
2026 жылғы 15 шілдеде Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Ақтөбе» филиалының Ақтөбе пайдалану локомотив депосы мен «Қамқор-Локомотив» ЖШС «Ақтөбе локомотив жөндеу депосындағы» ЖК А.М. Уразованың асханасы қызметкерлеріне «Салауатты жұмыс орындары» бастамасы аясында семинар өткізді. Семинар барысында жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері, қызылша мен туберкулездің, жіті ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың, сондай-ақ инфекциялық емес аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға санитариялық заңнама талаптары, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі жұмыс берушінің рөлі, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңыздылығы түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылып, «Салауатты жұмыс орындары» жобасы бойынша сауалнама жүргізілді. Іс-шараға 30 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1265524?lang=ru

Жауап қалдыру