
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының орталығында бой көтеріп жатқан жаңа әкімшілік ғимараттың құрылыс алаңына арнайы барып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Қазіргі уақытта құрылыс нысанында қазаншұңқырын қазу және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға және бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жалғасуда.
Құрылыс алаңында аудан әкімі мердігер мекеме өкілдері мен жауапты мамандардың есебін тыңдап, орындалып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше көңіл бөлді. Құрылыс барысында қолданылатын материалдардың сапасы қатаң бақылауда болуы тиіс екенін айтып, барлық жұмыстардың құрылыс нормалары мен техникалық талаптарға толық сәйкес орындалуын тапсырды. Сонымен қатар аудан басшысы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс мәдениетін сақтау және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1265635?lang=ru

Жауап қалдыру