
Нұра кентінде өткен аудандық «Сарыарқа – 2026» жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Дәстүрлі жарысқа ауданның үздік спортшылары қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, қайсарлықтарын, табандылықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Біздің ауылдан да спорттық жарыстарға қатысқан спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл жетістіктер оларға облыстық жарыстарға қатысуға мүмкіндік берді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыстар, жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/1265085?lang=ru

Жауап қалдыру