ШҚО спортшылары Қазақстан құрамасы сапында семсерлесуден әлем чемпиондары атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22–30 шілде аралығында Гонконгта (ҚХР) семсерлесуден әлем чемпионаты өтті. Онда Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы командалық шпага сайысында ел тарихында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алып, зор жетістікке қол жеткізді.

Ұлттық құрама сапында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов, Ақтөбе облысының спортшысы Ерлік Сертай өнер көрсетті.

Әлем чемпионатына әлемнің ең үздік 46 құрамасы қатысты.

Чемпиондық атаққа барар жолда қазақстандық шпагашылар турнирдің барлық кезеңінен сәтті өтті:  1/16 финал – Финляндия құрамасын 45:39 есебімен жеңді; 1/8 финал – Өзбекстан құрамасын 28:27 есебімен жеңді; 1/4 финал – Дания құрамасын 45:36 есебімен жеңді; 1/2 финал – Мысыр құрамасын 41:32 есебімен жеңді.

Алтын жүлде үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандықтар Украина құрамасымен сынға түсті. Жоғары шеберлік, қайсар мінез және бірліктің арқасында Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетіп, тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет командалық шпага сайысында әлем чемпионы атанды.

Бұл жеңіске бапкерлер құрамы да орасан зор үлес қосты: Мергүл Әбиева, Сергей Шабалин, Ксения Вендерских және Алексей Пеньков.

2025 жылы Қазақстанның ерлер құрамасы командалық біріншілікте алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алса, 2026 жылы тұғырдың ең биік сатысына көтеріліп, әлемдік семсерлесу тарихына өз есімдерін жазды.

Спортшылар мен бапкерлерді құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1265624?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді