
Шығыс Қазақстан облысында суға шомылу маусымы басталғалы бері 8 адам суға кеткен. Оқыс оқиға шомылуға рұқсат берілмеген орындарда тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Амангелді Енсегенов мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – рұқсат етілмеген жағажайда шомылу, масаң күйде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Құтқарушылар тұрғындарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда демалуға кеңес береді. Мұндай орындарда кезекшілік ұйымдастырылып, төтенше жағдай туындаған кезде жедел көмек көрсетіледі.
Бұдан бөлек, бірнеше қарапайым талапты есте ұстаған жөн. Балаларды қараусыз қалдырмау, су айдында белгіленген шекарадан аспау, қолайсыз ауа райы кезінде суға түспеу қажет.
Шағын көлемді кемелерді пайдаланушыларға да қауіпсіздік талаптарын сақтау міндетті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Исхар Савазов техникалық жарамдылықты алдын ала тексеріп, барлық жолаушыға құтқару кеудешесін кигізуді, жылдамдық режимін сақтауды және масаң күйде су көлігін басқармау қажеттігін еске салды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов құтқарушылардың басты мақсаты құқық бұзушыларды жазалау емес, адам өмірін сақтап, қайғылы оқиғалардың алдын алу екенін айтты.
Облыста суға шомылуға арналған 23 ресми демалыс орны белгіленген. Бұл аумақтарда құтқарушылар профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Төтенше жағдайлар департаменті әрбір азаматты тек рұқсат етілген орындарда шомылып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.к, сенің таңдауын болашаққа әсер тигізеді.
Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/1265132?lang=ru

Жауап қалдыру