
Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры С.У. Төлегенов және Әскерилендірілген теміржол күзеті Қостанай станциясы бөлімшесінің бастығы Ж.У. Мамбетов №2 мектеп-лицейінде Қостанай қаласының барлық мектеп директорларының қатысуымен «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында балалардың темір жол объектілерінде қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ темір жолдарына рұқсатсыз шығудың қауіптілігі және балалар жарақатының алдын алу мәселелері талқыланды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Полицейлер ескертеді: Темір жол – ойын орны емес! Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1265144?lang=ru

Жауап қалдыру