
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырды. Түсірілім барысында «Jambyl» және «Taraz 24» телеарналарының журналистері сүңгуір бөлімшесінің материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысып, сондай-ақ қызметтік иттің қатысуімен кинологиялық есептің тәжірибелік сабағын тамашалады.
БАҚ өкілдері құтқарушылармен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу соңында БАҚ өкілдері құтқарушылар қызметінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысып, олардың күнделікті қызметі туралы оқырмандар мен көрермендерге кеңінен ақпарат ұсыну мақсатында фото және бейнетүсірілім жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1265422?lang=ru

Жауап қалдыру