
Жаз мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау – аса маңызды. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында барша тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!
🔹 Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыз.
🔹 Тек рұқсат етілген әрі арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылыңыз.
🔹 Балалар суға түскен кезде оларды бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.
🔹 Құтқару құралдарын пайдаланып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыз.
📍 Мәртөк ауданы аумағында суға түсуге рұқсат етілген орын:
Қазан ауылы, «Қазан-2» коммуналдық жағажайы.
Балалардың өмірі мен денсаулығы – әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз, суда әрдайым сақ болыңыз!
📞 Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1266069?lang=ru

Жауап қалдыру